Мәдени шара мәліметтері



  

«Оқитын өлке» кітап оқу акциясы аясында Қарасай ауылдық кітапханасы /кітапханашысы Манзура Ералина/ «Оқитын өлке» кітап оқу акциясы - 2014: «Тобық Жармағамбетов шығармалары» атты кітап көрмесін ұйымдастырып жыл бойы оқырманға қызмет етті. Көрмені 104  оқырман  қарап пайдаланды. Ел болып Тобық Жармағамбетов шығармаларын оқуда «Тобық Жармағамбетовтің өмірі мен шығармалары» атты кітап оқу сағаттарын өткізіп, оған 71 оқырман қатысып  автор  шығармаларымен танысты. Ырғыздық «Ел оқырманы...» жобасына  Қарасай, Құмтоғай ауылдық кітапханаларынан 31 оқырман қатысып, «Оқитын өлке» кітап оқу акциясының белсенді оқырмандары атанып, марапатталды. Маратқызы Айкөркем  ақтық мәреге қатысуға ауданға  жолдама алды.

                                                                                                    Ж.Орынбайқызы.

***

Арнаймын және Таныстырамын.

Армысың Ырғызымның асылдары,
Бақытты бағамдайтын басындағы
Армысың кітапханам –кұттыханам,
Тарихта сырын бүккен ғасырлары.

Армысың кітапқұмар оқырмандар,
Миына талай білім тоқығандар.
Армысың жаны жайсаң көрерменім,
Сіздер де бекер қарап отырмаңдар.

Армысың әділқазы бағамдайтын,
Додада мың мықтыны саралайтын,
Әділдікті қақ жарған аламанда
Аға- іні , бауырға қарамайтын.

Таныстырып кетемін мен өзімді,
Қарсыласқа қадайын тік сөзімді
Жүректен жүректерге жеткізейін
Жүректен шыққан жылы сөзімді.

Көріңіздер мен асылдың сынығын
Туған жердің төгілетін жырымын
Болашаққа сеніммен үміт артқан
Ата- анамның Айыққан атты ұлымын.

Елімнің үкілеген тұлпарымын
Көгінде қалықтаған сұңқарымын
Кешегі елі үшін нәрін берген
Өтебай Қанахинның ұрпағымын.

Көкейден ақтарылып шын ақ тілек
Оқырман кітаппенен жылап күлет,
«Ел оқырман...» жобасын қолға алған,
Баршагүл апайға мың да бір Рахмет! Рахмет!

Әр қашан көш бастайтын жеке дара,
Жиылған  құтханаға барлық дана
Сүйемін мен өзіңді жақсы көрем,
Сондықтан жайнай берші Кітапхана!

 Жайсаңбай ауылдық кітапханасының
Белсенді оқырманы, «Ел оқырманы...» Жобасының бас жүлдегері
Айыққан  Байтілеу.  2014 жыл
***


Тәуіп ауылдық модельді  кітапханасында «Оқитын өлке» кітап оқу акциясы-2014: Тобық Жармағамбетов шығармалары» атты дәстүрлі кітап көрмесін  жыл бойы 161 оқырман қарап  пайдаланды. Кітапханада ауылдық әкімдікте, балабақша қызметкерлері арасында, ауылдық ауруханада, мектепте, жастар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу сағаттары өтті. 74 оқырман қатысып, «Отамалы», «Ақ жауын», «Сентябрь түні» т.б. кітаптарымен танысып оқыды. Кітапханашы Роза Нұртұяқова «Ел оқырманы...» жобасына 14 оқырман қатыстырып, Тобық Жармағамбетов шығармаларынан көрніс дайындады.

***
Аудандық кітапхана, Қарасай ауылдық, Тәуіп ауылдық модельді кітапханалары «Сағи Жиенбаев – жыр зергері, тамылжыта ән салдырған» атты әдеби – сазды бағдарлама дайындап, жасөспірімдер арасында өткізді. Бағдарлама мобильді кітапхана арқылы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде, Тәуіп ауылдық клуб үйінде, Қарасай ауылдық кітапханасында өтті. Бағдарлама төріне «Жүрегімде бар махаббат, кең далама арналады» атты портреті ілінді. 108 оқырман қатысты. Бағдарламада  автор сөзінен жазылған әндер орындалып, жырлар оқылды.

***
         Тобық Жармағамбетов шығармаларын насихаттау мақсатында Бельшер ауылдық кітапханасында жасөспірім оқырмандар арасында Акция: "Оқитын өлке- 2014" Тобық Жармағанбетов шығармалары"атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапхана оқырманы Т.Жармағамбетовтың өмірі және шығармаларымен танысты. 23 сәуір-Дүниежүзілік кітаптар күні мерекесінде "Тобық Жармағамбетов-қазақ прозасындағы ерекше қаламгер" атты салтанатты ашылуы болды. Кітап мерекесіне оқырман көп жиналды. Кітап, Акция жайлы үн таспадан жырлар оқылды. Салтанатты мерекеге ауыл тұғындары, мектеп ұжымы жастар мен жасөспірімдер қатысты.

***

  
Облыстық   «Оқитын өлке» акциясы  аясында
Тобық Жармағамбетов шығармаларын насихаттау мақсатында
өткен оқырман конференциясы.
                                                                                                  Аудандық кітапхана
                         
Ырғыз аудандық  кітапханасында «Оқитын өлке» кітап оқу акциясы аясында, Тобық  Жармағамбетов шығармаларын  насихаттау мақсатында «Ақ  жауын»  повесінен оқырман конференциясы өтті. Кітап қорындағы «Ақ жауын» кітабының  оқырманға жол тартқанына 30 жыл толып отыр. Биылғы жылғы «Оқитын өлке» акциясының  себебімен  оқырманымен қайта қауышқан «Ақ жауын»  повесі оқырман арасында  талқыланып, жағымды  жағымсыз кейіпкерлермен оқырман пікірлері тоғысып оқырман конференциясы тартымды өтті. «Ақ жауын» повесінің желісіне арқау болған ,30 жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын сол кездегі жіберілген өрескел қателіктер ,оқиғалар. Кейіпкерлер Өтеберген,  Сағындық, Қалау,Шынболат, Сиық,Ақтілеп, Сүйінжан, Қиынбай,т.б туралы  кітапты оқыған М.Көбекова, К.Молыбаева, А.Аймағанбетова, Т.Шаңғытбаевтар оқиға желісіне тоқталды. Оқырман конференциясына 35 оқырман қатысты.

***
         Құрметті әріптестер!
         Қымбатты С.Бәйішев атындағы  кітапхана ұжымы! Сіздердің жұмыстарыңызға  сәттілік тілеймін! Сіздер аудан кітапханалары үшін көптеген игілікті іс- шаралар өткізіп келесіздер. Мыс. «Көрмелер керуені»,  акция аясындағы ауданнан ауданға тапсыратын  «Марафон – эстафета», 2013 жылы Мәдениет күнін   өткізгенде  акция аясындағы әдістемелік құрал  шығармашылық байқауы т.б. біздер үшін  орны ерекше. Міне енді тағы бір барлығымызды ортақтастыратын жаңа жұмыс түрі -мамыр айынан бастау алған  кітапханалық блогтар байқауы. Ырғыз ОКЖ бойынша Тобық Жармағамбетов шығармалары үздіксіз насихатталуда. «Оқитын өлке» акциясы аясында жыл сайынғы жеңімпаздар, Ырғыздық жоба «Ел  оқырманы...»  жобасында анықталып отыр. Жоба ұраны «Кітапханашы, оқырман деп  соқсын жүрегің» Біз, кітапханашылар оқырманмен біргеміз.  Қараша айына дейін биылғы 2014  жылғы  «Оқитын өлке» акция жеңімпазы да анықталады. Бұл анық. Мен Ырғыз ОКЖ-нің әдіскері Омарбекова Жұмагүл Орынбайқызы ұжым атынан сіздердің ізгілігі мол игі  іс- шараларыңызға сәттілік тілеймін. Кітапханалық блогта біз сіздермен біргеміз!

                        «Жемнің жарық жұлдыздары»  блогында біргеміз,
                         Оқырманмен қашанда ажырамас іргеміз.
                         Ой, пікірлер, жұмыстар  бір блогта тоғысып,
                         Т.Жармағамбетов шығармаларын насихаттаймыз күнде біз.
                         
                                                                      Жұмагүл Омарбекова Орынбайқызы


Комментариев нет:

Отправить комментарий