воскресенье, 8 июня 2014 г.


Құрметті әріптестер!
Қымбатты С.Бәйішев атындағы  кітапхана ұжымы! Сіздердің жұмыстарыңызға  сәттілік тілеймін! Сіздер аудан кітапханалары үшін көптеген игілікті іс- шаралар өткізіп келесіздер. Мыс. «Көрмелер керуені»,  акция аясындағы ауданнан ауданға тапсыратын  «Марафон – эстафета», 2013 жылы Мәдениет күнін   өткізгенде  акция аясындағы әдістемелік құрал  шығармашылық байқауы т.б. біздер үшін  орны ерекше. Міне енді тағы бір барлығымызды ортақтастыратын жаңа жұмыс түрі -мамыр айынан бастау алған  кітапханалық блогтар байқауы. Ырғыз ОКЖ бойынша Тобық Жармағамбетов шығармалары үздіксіз насихатталуда. «Оқитын өлке» акциясы аясында жыл сайынғы белсенді оқырмандар мен жеңімпаздар Ырғыздық жоба «Ел  оқырманы...»  жобасында анықталып, марапатталып отыр.Жобаның мақсаты: Кітап оқу- Ел Мәдениеті! екенін жастар мен жасөспірімдер арасында  насихаттау. Жоба ұраны «Кітапханашы, оқырман деп  соқсын жүрегің» Біз, кітапханашылар оқырманмен біргеміз.  2015 жылға  дейін биылғы 2014  жылғы  «Оқитын өлке» акция жеңімпазы да анықталады. Бұл анық. Мен Ырғыз ОКЖ-нің әдіскері Омарбекова Жұмагүл Орынбайқызы ұжым атынан сіздердің ізгілігі мол игі  іс- шараларыңызға сәттілік тілеймін. Кітапханалық блогта біз сіздермен біргеміз!
                        «Жемнің жарық жұлдыздары»  блогында біргеміз,
                         Оқырманмен қашанда ажырамас іргеміз.
                         Ой, пікірлер, жұмыстар  бір блогта тоғысып,
                         Т.Жармағанбетов шығармаларын насихаттаймыз күнде біз.
                         
                                                                   Ырғыз  ОКЖ-нің әдіскері, кітапхана блогері
                                                                   Жұмагүл Омарбекова Орынбайқызы